2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 шешімі
Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2018 - 2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 93 336 302,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 73 767 514,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 507 605,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 17 058 683 мың теңге;
2) шығындар - 92 982 919,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 548 474,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 519 260 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 067 734,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 144 511 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 144 511 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 5 757 347 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 757 347 мың теңге.
2. 2018 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1) Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 0 пайыз;
Қарақия ауданына - 15,2 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;
Түпқараған ауданына - 57,8 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 14,7 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 42,4 пайыз.
2) Төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 0 пайыз;
Қарақия ауданына - 0 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 0 пайыз;
Түпқараған ауданына - 0 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 52,6 пайыз;
Ақтау қаласына - 100 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 100 пайыз.